09:20, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Алматыда автобус жүргізушісі есірткі шегіп алып көлік айдаған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жүргізушісі есірткі шегіп айдаған автобусты желіден алып тастады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Солтүстік айналма жолында шайқала жүйткіп бара жатқан автобус жол полициясының күдігін туғызған. Қаскелең орталығына баратын қоғамдық көлікте адам өте көп болған. Патрульдық полицейлер жүргізушінің жай-күйін тексеру үшін сот-медициналық сараптамаға жіберген. Кейін жүргізушінің есірткі пайдаланғандығы анықталды. Алайда жүргізуші дәрігерлердің айтқанын жоққа шығаруға тырысқан. Тәртіп сақшылары оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды. Жақын арада әкімшілік өндіріс материалдары сотқа бағытталады.