Алматыда «Айя» қонақүй кешені өртеніп жатыр

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қос қабатты "Айя" кешені өртке оранды.
None
None

Райымбек пен Гайдар көшелері қиылысындағы бұл ғимаратта дәмхана мен қонақүй орналасқан. Тілсіз жау ғимараттың шатырын түгел шарпыды.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама 18:25-те түскен. 

null null

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жағдай келесідей болды: қонақүй кешені алаулап, жанып жатты, от жеке тұрғын үйге ауысқан», - деп мәлім етті С.Баймұхамбетова.

Өрт орнында штаб ұйымдастырылып, тілсіз жаумен күрес үшін екі жауынгерлік учаскі ұйымдастырылды. Олар ғимараттың периметрі бойынша орналастырылды, үш өрт сөндіру гидрантынан үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.

ТЖД өкілі хабарлағандай, отты сөндіру қою түтін мен ғимараттың шатырына қолданылған ағаштардың жылдам жалындауы салдарынан, сондай-ақ оқиға орын алған кварталда электр энергиясын сөндірудің мүмкін болмауымен қиындатылған.  Тілсіз жаудың таралуы 19.37-де тоқтатылды. Жалын шарпыған аумақ 480 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнында Алматы қалалық ТЖД Өртке қарсы қызметінің 80 адамы мен 23 техникасы жұмыс істеді. 


null null null null


null null null null 

Соңғы жаңалықтар