Алматыда банк қызметкерлерінің көмегімен өтемақы алу үшін бір отбасын кепілге алған қылмыскерлер ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банктің орталық операциялық бөлімінің бастығына наурыздың 29-ы күні ірі көлемде қолма-қол ақша депозитін алуға бір салымшы өтінішпен келген. Салымдағы ақшаны алу үшін толтырылған қажетті бланк пен өзге де құжаттармен бірге салымшы оған қағаз береді. Онда өзі мен отбасының өтемақы алу үшін кепілге ұсталғанын және оның қасындағы адамның қылмыстық топтың бір мүшесі екенін жазады. Хат мәтінімен танысқан соң бөлім бастығы оны банктің қауіпсіздік қызметіне тапсырған. Олар бірден іс-әрекеттерін үйлестіру және оқиғаның жағымсыз сценарийде өрбімеуі үшін шұғыл штаб ұйымдастырды. Бөлім бастығы болса клиентпен қауіпсіздік қызметі арасында байланысшы рөлін атқарып, банктің өзге қызметкерлері уақытты созу әрекетін жасайды. Бұл уақытта қауіпсіздік қызметі кепілге алынғандар мен оларды ұстап отырған қылмыскерлердің санын және қолданған қарулары мен кепілге алынғандардың орнын анықтауға мүмкіндік алып, мәліметтерді бірден құқық қорғау органдарына жөнелтеді. Содан кейін қалалық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері банктің қауіпсіздік қызметкерлерімен әрекеттесіп бір уақытта қылмыстық топтың барлық мүшесін тұтқынға алған. Алдын-ала тексеру қорытындысына қарағанда, ұсталғандардың бәрі бұрын ауыр қылмыстары үшін сотталғандар.