Алматыда «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға 2 мыңнан астам адам жіберілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов бизнесті қолдау жұмысының қорытындысы мен алдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, 2020 жылдың басынан бастап, бүгінге дейін 5 753 келушіге 7 446 қызмет көрсетілді. «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша 1 412 тыңдаушы онлайн курс оқыған.

«Ал «Іскерлік байланыстар» құралының міндеті халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату. Бағдарламаның 2-кезеңі 2021 жылы 4 міндетті іске асыратын болады. Сонымен қатар, «Аға сеньорлар» компоненті бойынша 2 міндет өткізілді. Биыл 73 индустриялық сертификат, 453 «CT-KZ» сертификаты және 5879 тауардың экспортқа шығу сертификаты берілді«,- деді А.Қошмамбетов.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 600 адам оқуды аяқтады. 2 128 тыңдаушы аяқталғаны туралы сертификат алды, ал 472 тыңдаушы қатысқаны туралы сертификат алды. 2020 жылға Алматы қаласына 1 705 грант бөлінді, оның ішінде 818 грантты 2019 жылғы «Бастау Бизнес» түлектері алды.

687 грантты 2020 жылы оқуды аяқтаған қатысушылар иеленді. Бүгінгі таңда 2020 жылдың 1 334 түлегі өз бизнесін бастады.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде «Атамекен» ҰКП-ның Білім беру ұйымдарының тізіміне 6 оқу орталығы енгізілді.

Биыл шілде айынан бастап 1005 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған (оқыту жоспары 1000) қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды.

«Алматы қаласында дуалды білім беру жүйесімен 42 колледж және 351 кәсіпорын қамтылған. Осыған байланысты, 4389 үшжақты шарт жасалды. Кәсіпкерлік негіздері жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 3,5 мың студенті «Кәсіпкерлік қызмет негіздер» пәні бойынша үш айлық 36 сағаттық факультативтік оқыту курсынан өтті. Оқыту 2019-2020 жылдары біліктілікті арттыру курстарынан өткен 43 сертификатталған оқытушыны тарта отырып, сондай-ақ, 20 мемлекеттік колледжді қамти отырып, онлайн режимде өтті«, - деді палата басшысы. Есепті кезеңде 54 адамнан тұратын 12 мобильді жұмыспен қамту орталығы 81 086 қызмет көрсетті.

Оның ішінде 76 111 адамға кеңес беріліп, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға 2 085 адам жіберілді. Жұмысқа орналасуға 3 396 адам жіберілді.

Сонымен қатар ол Кәсіпкерлер палатасының таяу уақытқа арналған міедеттерін атап өтті. Бұған пандемиядан кейінгі Президенттің жолдауын ескере отырып әзірленген сегіз бағыт: нөлден бастап реттеу, салық кодексін жетілдіру, ақша-несие саясатын ынталандыру, экономиканы мемлекет иелігінен алу, орынды протекционизм, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өңірлік даму бағдарламалары және кадрлар даярлау кіреді.


Соңғы жаңалықтар