Алматыда белгілі суретші Марат Тұрғымбайдың «Бестерек» атты жеке кескіндеме көрмесі ашылады

МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қарашаның 16-ы күні ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Марат Тұрғымбайдың «Бестерек» атты жеке кескіндеме көрмесі ашылады.
None
None

Көрмеге суретшінің 50-ден астам кескіндеме жұмыстары қойылады.

Марат Тұрғымбай Жамбыл облысы Мерке ауданында дүниеге келген. 1979 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, одан кейін Т. Жүргенов атындағы Алматы көркемсурет-театр институтын бітірді. 1985-1995 жылдары мұғалім болып жұмыс істеді.

Бүгінде суретші өз шығармашылығында бір ғана жанрмен шектеліп қалмай, бейнелеу өнерінің барлық түрінде жұмыс істейді. Оның қылқаламынан портрет те, натюрморт та және пейзаж да туды. Оның портреттегі жасаған бейнелері терең ішкі әлемімен, қатаң өлшемімен және құндылығымен ерекшеленеді. Ал, пейзаж жұмыстары терең мәнімен, үзіліссіз қозғалысты сипаттарымен көз тартады. Суретші туған өлкесінің табиғат көріністерін салудың нағыз шебері. Оны «Бестерек», «Көктем», «Шарын», «Дала» атты туындыларынан байқауға болады.

Қазіргі уақытта суретшінің жұмыстары ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында, Президенттік мәдени орталығында (Астана), сондай-ақ, Германия, Финляндия, Түркия, Оңтүстік Корея, Эстония, Ресей, Қазақстанның жеке коллекцияларында сақтаулы.

Қазіргі таңда суретші әлі де белсенді жұмыс істеп, көрмелер өткізіп келеді. Ол 1982 жылдан бері халықаралық, бүкілодақтық, республикалық көрмелердің қатысушысы. Халықаралық суретшілер симпозиумы (Эстония), Халықаралық көрме (Германия), Көрме-симпозиумы (Финляндия), Бүкілодақтық көрме (Мәскеу), Суретшілердің Республикалық пленэры (Қапшағай қ.), «Каспий - достық теңізі» атты Жастардың мәдени фестивалі (Ақтау қ.), сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына және 20 жылдығына арналған топтық көрмелер мен т.б. ауқымды іс-шаралардың қатысушысы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар