Алматыда белгісіз бес ер азамат кейуананың үйін тонап кеткен

АЛМАТЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда бетін тұмшалаған белгісіз бес ер азамат түнде есігін құлттауды ұмытып кеткен зейнеткердің үйін тонап кеткен, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Кеше шамамен түнгі сағат екіде белгісіз бес ер адам бетін тұмшалап, 1950 жылғы кейуананың пәтеріне ұрланып кірген. Алдымен әйел мен оның тоғызыншы сыныпта оқитын немере қызын байлап қойып, пышақпен қоқан-лоқы көрсетіпті. Содан кейін пәтерден 100 АҚШ долларын және 35 алтын бұйымды алып кеткен. Залалдың жалпы сомасы - 800 мың теңге.

Оқиға орнын тексеру барысында 27 дана саусақ ізі мен 3 иіс ізі анықталып, алынды.

179-баптың 2 тармағы (қарақшылық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, мүлкi тәркiленiп 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум