18:06, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Алматыда бірқатар құрылымдардың жиыны өтеді
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қыркүйектің 23-і күні Алматыда ТМД Экономикалық кеңесінің 51-ші мәжілісі, ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 55-ші отырысы және Кеден одағы комиссиясының 31 жиыны өтеді. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Аталған мәжілістер кезінде Еуразия экономикалық қоғамдастық пен Кеден одағы аясындағы өзекті мәселелер қаралады. Оның ішінде Кеден одағы комиссиясының қызметін жетілдіру, ЕурАзЭҚ Сотын құру, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптасыру сияқты маңызды мәселелер бар.