Алматыда биыл жасөспірімдер арасында қылмыс 14,7 пайызға төмендеді - ІІД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлік 14,7 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Дейтұрғанмен, сараптама қорытындысына сүйенсек, қылмыстардың көпшілігін еліміздің басқа өңірлерінен келген жасөспірімдер жасаған. Мысалы, Алматы облысының тұрғындары - 69, Оңтүстік Қазақстан облысы - 8, Жамбыл облысы - 6 және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары - 1 қылмыс жасаған. «Жағдайды тұрақтандыру мақсатында биыл мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кәмелет жасқа толмағандардың арасында 12 шұғыл-алдын алу шаралары өткізілді. Атап айтар болсақ, «Каникулдар», «Отбасы-Жасөспірім-Көше», «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Мен және менің полиция қызметкерім» сынды шараларды айтуға болады. Осы өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасағандары үшін полиция учаскелеріне биыл 8 мың 553 адам жеткізілді. Олардың ішінде ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағандары үшін - 104, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне баруларына жол бергендері үшін - 45, 18 жасқа толмағандарға темекі сатқандары үшін -29, алкогольді өнімдерді сатқаны үшін - 51, ұсақ бұзақылық жасағандары үшін - 212, қоғамдық орындарда арақ ішкені немесе мас күйде болғандары үшін - 545, темекі шегуге тыйым салынған жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартқандары үшін - 4 292, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргендері үшін - 2 394 адам полиция учаскелеріне жеткізілді», - деді Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Лейля Әліпбаева. Одан басқа, аталған бөлімнің дерегі бойынша, жыл басынан бері құқық бұзушы 717 жасөспірім мен 464 жайсыз отбасы есепке алынды. Сонымен қатар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 716 бала орналастырылды. Олардың ішінде 205 бала - ТМД елдерінен, (Өзбекстаннан - 59, Тәжікстаннан - 67, Қырғызстаннан - 78 және Молдовадан - 1 бала) және Қазақстанның басқа өңірлерінен - 324 бала келген. Айта кеткен жөн, 5 баланың тұрғылықты мекенжайы жоқ, бір бала Қытайдан келген. Оның да нақты тұрғылықты мекен-жайы жоқ. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстарды алдын алу жолында алдын алу шаралары үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге орта мектептерде оқушылар және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізіліп тұрады. Бұл іске бірқатар балалар мен жасөспірімдер ұйымдары да атсалысуда. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен аудандық әкімдіктері жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау бойынша ведомствааралық комиссиялармен өзара әрекеттестік шаралары да оң нәтиже беріп жатыр. Биыл комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау бойынша 197 отырыс өткізілді», - деді Л.Әліпбаева.

Соңғы жаңалықтар