Алматыда биыл жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасына 58,5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр - Владимир Меренков

АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл 2 көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Оны жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков бүгін қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

Биыл 8,7 шақырымдық Шығыс айналма жолының құрылысы аяқталмақ. Ағымдағы жылы оның ақырғы 2,2 шақырымы салынады. Оның ақырғы түйіні болып саналатын Құлжа трассасы мен Халиуллин көшелерінің қиылысындағы жол айрығының құрылысы басталып, 2012 жылы оны аяқтау жоспарланып отыр. Онда биыл 1,5 миллиард теңгенің қаржысы игерілмек. Сондай-ақ Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы жол айрығының да құрылысы басталады. Оған әзірге 50 миллион теңге бөлініп отыр мердігер табуға. Момышұлы көшесін ақын Сара көшесіне дейін ұзартудың 3,96 шақырымдық алғашқы кезеңі жалғасады.

«Бөкейханов көшесінде 4,4 шақырым, Құлжа трассасында 1 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жасалады. Рысқұлов-Емцов және Рысқұлов-Ахлименко көшелерінің қиылысында 2 жүргіншілер өткелі салынады. 96,2 шақырымдық жолға орта және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіледі. 7 бағдаршам нысаны қайта құрылып, 7 бағдаршам салынады», - дейді В. Меренков. Оның айтуынша, биыл жалпы 9 магистральдық және Алатау ауданындағы - 17, Жетісу ауданындағы - 15, Әуезов ауданындағы -11, Бостандық ауданындағы -10 көше, Алмалы ауданындағы - 9, Медеу ауданындағы - 8 жергілікті көшеге жөндеу жұмысы жүргізіледі. Соның нәтижесінде қалада жалпы ұзындығы 134 шақырым жол жөндеуден өтпек. Бұған дейін 2010 жылы - 260, 2009 жылы - 386, 2008 жылы - 90,34 шақырымдық жол жөндеуден өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум