Алматыда британдық сән дизайнерлерінің көрмесі ашылды

АТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы ҚР Орталық мұражайында Британдық сән дизайнерлерінің «Reconstruction - мәдени мұра және қазіргі сән үлгілерінің үрдістері» атты көрмесі ашылды.
None
None

Көрмеге Вивьен Вествуд, Пол Смит, Хуссейн Чалаян, София Кокосалаки, Мариос Шваб және Осман Юсефзада секілді Ұлыбританияның сән дизайнерлерінің жұмыстары қойылған.

«Бұл көрме Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы өнер мен мәдени алмасуды қолдауға бағытталған жұмысымыздың шеңберінде өткізіліп отыр», -дейді Қазақстандағы Вritish Council директоры Лина Милошевич.

Британдық дизайнер Джерард Вилсон қазақстандықтардың ұлттық нақыштағы киімдерге қарағанда соңғы сән үлгісіндегі киім-кешектерге әуес екендігін айтып өтті.

Көрменің ашылуы барысында Kazakhstsn Fashion Week ұсынған қазақстандық дизайнерлердің дефилесі және bm мен Вritish Council ұйымдастыруымен бағалы заттарға ұтыс ойындары ойнатылды.

Аталған көрме 2011 жылдың 23-ші мамырына дейін жалғасады. Осы аралықта Вritish Council өнер мен сән саласында қызмет ететін британдық сарапшылардың қатысуымен кәсіби семинарлар мен кездесулер ұйымдастырмақ.

Соңғы жаңалықтар