Алматыда «БЖК-2020» аясында құны 4,2 млрд теңге болатын төрт жаңа жоба мақұлданды

Осылайша кәсіпкерлікті қолдау картасына құны 41,8 млрд теңге болатын 6 жоба енді. Аталған жобалар 885 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ, құны 56,9 млрд теңге болатын 4 жоба Республикалық индустриаландыру картасына ұсынылды. Аталған жобалар 1300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Алматыдағы кәсіпкерлікті қолдаудың 2-бесжылдығының картасына жалпы 61 жоба енген.
Алғашқы бесжылдықпен салыстырғанда жобалардың саны 3 есе, жұмыс орнының саны 3,5 есе артық екендігін атап өту керек.
«БЖК-2020» аясында 2016 жылдың басынан 84 жоба бар. Мақұлданған жобалар жеңіл, тамақ және машина жасау өнеркәсібінде жүзеге аспақ.
Атап айтқанда, «Жетісу» АҚ аяқ киім өндірісінің жаңа желісі ашылады. Өндірі ІІІ-тоқсанның басында енгізіледі.
2016 жылдың шілдесінде «Эфко Алматы» ЖШС сары май өндіру кешені іске қосылады.
«БЖК-2020» аясында тазалау құралдарын өндіру, ІТ-құрал-жабдықтарды жинау, сәулет және инженерия, заманауи сауда үйінің құрылысы сынды төрт кәсіпорынның жұмысы жанданатын болды.