Алматыда дамудың маңызды көзі енді индустрияландыру аймағы болмақ - Әсет Исекешев

АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат  -  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Алматыдағы индустриялық  аймақтың іске қосылуына қолдау көрсетеді.
None
None

Оны  министр Әсет Исекешев бүгін Алматыдағы индустрияландыру картасындағы жаңа жобалармен танысу кезінде айтты. 

«Алматыда дамудың маңызды көзі енді өңдеу өнеркәсібінде индустрияландыру аймағы болмақ. Биыл оның инфрақұрлымы басталады. Республикалық деңгейдегі инновациялық кластер болып табылатын Ақпараттық технологиялар паркінің де екінші кезегінің құрылысы басталады», -  деді Ә. Исекешев. Министрдің айтуынша, Ғылыми орталық пен инновациялық кәсіпорындарды жобалау бұл жұмыстармен қатар жүргізіледі. Оны  ҚазМұнайГаз,  Қазақ-Британ техникалық университеті  және тағы басқа да кәсіпорындар бірлесіп салмақ.

Соңғы жаңалықтар