Алматыда дамудың негізгі трендтері талқыланып жатыр

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстан 2020 - дамудың негізгі трендтері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр.
None
None

Шара дәстүрлі Мұстафин саясаттанулық оқулары  аясында өтуде. Оны Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы,  Медиа стандарттар институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті және Саяси зерттеулер қауымдастығы бірлесіп  ұйымдастырып отыр. Конференция жұмысы -  «Қазақстан жаһандық үрдістерде», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси модернизациясы», «Қазақстан қоғамының рухани-адамгершіліктік дамуы» секциялары бойынша жүріп жатыр. Онда  Қазақстанның саяси жаңғыруының қазіргі заманғы мәселелері, оның сыртқы саяси қызметтері мен экономикалық қауіпсіздігінің негізгі басымдықтары талқылануда.

Соңғы жаңалықтар