15:59, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Алматыда Дариға Назарбаевамен онлайн-конференция өтеді
АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - 12 қаңтар күні zakon.kz порталының ұйымдастыруымен қоғам және саясат қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаевамен онлайн-конференция өтеді.
Сұрақтарды қабылдау және онлайн-конференцияны өткізу үшін dariga.zakon.kz. арнайы сайты құрылды.
Қазіргі уақытта сайтта сұрақтарды қабылдау жүріп жатыр. Әр сұрақтың дауыс беру арқылы рейтингісі анықталып, шақырылған қонақ олардың ең қызықты, қоғамдық резонанс тудырады деген 50-іне жауап беретін болады. Сұрақтар 11 қаңтар күнгі түнгі сағат 12-ге дейін қабылданады.