Алматыда «Дәрігер Аяз Ата» жаңажылдық акциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Казкоммерцбанкттің ұйымдастыруымен «Дәрігер Аяз Ата» жаңажылдық акциясы өтіп жатыр.
None
None

«Біз «Дәрігер Аяз ата» жобасын осымен төртінші жыл қатарынан Қазкоммерцбанк филиалдарымен бірге өткізіп келеміз. Біздің банк қызметкерлер мен әріптестерге, сондай-ақ жаңажылдық салтанатты тойлауға арналған қаражаттарды аурудың күрделі түрі мен сал ауруына шалдыққан балалар денсаулығын емдейтін Алматыдағы, сонымен қатар, еліміздің 20 қаласында орналасқан оңалту орталықтары мен емханаларға жіберуде. Акция барысында Казкоммерцбанк көп уақытын арнайы медициналық мекемелерде өткізуге мәжбүр балаларға арнап алынған тәттілер мен сыйлықтарды табыстап, олардың тезірек сауығып кетуіне жағдай жасау үшін алынған медициналық жабдықтарды сауықтыру орталықтарына табыстайтын болады», -деді «Қазкоммерцбанктің» атқарушы директоры Мағжан Әуезов.

Оның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - балалар денсаулығын жақсартуға ықпал ету болып табылады.

Соңғы жаңалықтар