Алматыда дәстүрлі Орталық Азиялық "Шығыс базары" қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтуде

None
None
АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда дәстүрлі Орталық Азиялық "Шығыс базары" қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Оны ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы мен "Бақыт" декоративті-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп ұйымдастыруда. Екі күндік бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Онда қала тұрғындары мен қонақтары қолөнер туындыларын тамашалап, оларды сатып алып қана қоймай, өнер шеберлерінің музыкалық қойылымдарын тамашалай алады. Биыл оған Самарқанд музыканттары арнайы қатыспақ. Ұйымдастырушылар көрме-жәрмеңке аясында, құрақ көрпеден шеберлік-дәрістерін өткізбек. Оны қазақстандық суретші-шебер Күлән Жанқұтты мен өзбекстандық қолөнер шебері Райхан Құрымбетова жүргізбек.

Соңғы жаңалықтар
telegram