Алматыда демалыс күндері Арбат бойымен серуендеуге тыйым салынды
Құжатқа сәйкес, қала «қызыл» аймақта болған кезде Арбат бойымен қозғалуға тыйым салынады.
«Саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, аллеялар, бульварлар, алаңдар және басқа да демалыс орындары - Жібек жолы даңғылында Абылайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салу», - делінген құжатта.
Сондай-ақ, осы аумақта орналасқан тамақтану объектілері мен шағын бөлшек сауда жұмысы сенбі мен жексенбі күндері шектеледі:
- жазғы алаңдарда тамақты жеткізу қызметін қоспағанда, жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін «ASHYQ» жобасының қатысушылары үшін рұқсат;
Егер «ASHYQ» мобильдік қосымшасының қатысушысы болмаса - жұмысына тыйым салынады.
Бұған дейін, Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Онда «ASHYQ» жобасына қатысушыларды қоспағанда, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынатыны айтылған.