Алматыда денсаулық сақтау қызметкерлерінің ІІ съезі өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған бұл шара Халықаралық медбике күніне арналып, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орайластырылып отыр. Оған - орта медициналық және фармацевтік қызметкерлер, медициналық ұйымдар мен оқу орындарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның және алыс-жақын шет елдердің белгілі ғалымдары, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері қатысады. Съезде талқыланатын негізгі бағыттар: Орта білімді медициналық және фармацевтік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау. Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлердің кәсіби өсуі. Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу. Тәжірибелік медицинаны біліммен ықпалдастыру. Орта медициналық мамандарды даярлау және қайта даярлауындағы білім беру қызметінің сапасын басқару. Орта медициналық мамандарға арналған стандарттар даярлау және енгізу. Тәжірибелік медицина мен колледждерде медбикелік үдерісті ендірудегі медициналық ұйымдарының тәжірибесі. Бағдарламада сондай-ақ, «Ең мықты орта медициналық және фармацевтік білімді маман» кәсіптік байқауы өткізу жоспарланып отыр.