Алматыда « Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың рөлі
Бұл туралы кеше, қалалық мәслихаттағы "Нұр Отан" ХДП депутаттарының форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Биыл Қазақстандағы Президенттік басқаруға 20 жыл толады. Бұл ел тарихындағы ерекше дата. "Нұр Отан" осы датаға арналған бірқатар шараларды жоспарлап отыр. Бұл акция Алматыдан бастау алады. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Президенті қызметін құрып, алғашқы Президент болып біздің партияның көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланған болатын", дейді "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Амангелді Кәрімоллин. Оның айтуынша, осы акцияның аясында сәуір айында қалалық филиал ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлауда. «Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың рөлі" деген тақырыппен өтетін бұл конференцияға ПарламентСенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Тұңғыш Президенті қорының, ҚР Ұлттық ғылым академиясының жетекшілері, саяси партиялардың көшбасшылары және ғалымдар мен сарапшылар қатыспақ. Онда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы қаралып, мемлекеттің жаңа тарихындағы елдің Тұңғыш Президентінің рөлі талқыланады деп жоспарлануда.