Алматыда екінші деңгейлі банктерде кепілде тұрған жер учаскелерінде тұрғын үйлердің құрылысы басталды

АЛМАТЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы қаласында әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында құрылысы қолға алынған «АФД Плаза» тұрғын үй кешенінің таныстырылымы өтті.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, «Қазкоммерцбанктің» басшылары және «Глобал билдинг контракт» құрылыс компаниясының өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, 2009 жылы Алматы қаласының әкімдігі мен «Қазкоммерцбанк» АҚ арасында проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын бірлесе аяқтау туралы Меморандумға қол қойылды. Әріптестіктің арқасында «Сайран» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, 1 064 үлескердің бас ауруына айналған мәселенің түйіні тарқалды.

«Әріптестіктің бұл оң тәжірибесін құрылысы аяқталмай қалған өзге де нысандарға қолдануды шештік. Және міне нәтиже - жаңа тұрғын үй кешенінің тұсаукесері. Дағдарыс жылдарында қалада игерілмеген 112 жер учаскесі қалыптасты. Соңғы үш жыл ішінде игерілген және бұл бағыттағы шаруа басталған 21 учаске бар. Төртеуі бойынша мемлекет қажеттілігіне тәркілеу шарасы қолға алынса, біреуі бойынша құқық тоқтатылды», - деп атап өтті А. Есімов.

Бүгінгі таңда Алматыда игерілмеген 86 жер учаскесі қалып отыр, оның 22-сі екінші деңгейлі банктерге кепілдікке қойылған.

Аталмыш жерді игеру бойынша қалалық әкімдік пен «Қазкоммерцбанк» жұмысқа кірісті. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 4 900 жұмыс орны құрылса, алдағы уақытта қосымша 4 400-і ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар