Алматыда экономика саласында басқару кадрларын дайындау бағдарламасы туралы дөңгелек үстел мәжілісі өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Қазақстандағы экономика саласында басқарушы мамандар мен менеджерлердің біліктіліктерін көтеру» бағдарламасы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады, нарықтық жағдайларға  төселуіне, ел аймақтарының  экономикалық өсуіне неміс және қазақстандық компаниялар арасындағы  ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
None
None

  Бұл туралы бүгін «Халықаралық бағдарламалар арқылы менеджерлердің басқару әлеуетін дамыту» атты  дөңгелек үстел мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Шараны ұйымдастырушылар Халықаралық бизнес академиясы,   Орталық Азия  бойынша «In Went» жобалық бюросы және «Туран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясы.

 Дөңгелек үстел мәжілісінде бас қосқан жоба жетекшілері, бюджетті жоспарлау және экономика министрліктерінің өкілдері, қала  және Алматы облысы әкімдіктері, бизнес қауымдастықтары бағдарламаның жетістіктері, проблемалары мен перспективалары туралы талқылап, өзара пікір алмасты.

   «Бүгінгі жиынның мақсаты - Қазақстан экономикасы үшін менеджерлердің жаңа, тиімді кадрларын ұйымдастыру, менеджерлердің басқару әлеуетін дамыту, сондай-ақ екі жақты серіктестікті одан әрі қалыптастыру,  атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығару. Егер біз қазақстандық кәсіпорындар бәсекеге қабілетті бола білсін десек, басқарушы мамандар  жоғары деңгейде болуы керек», деді Орталық Азия  бойынша «In Went» жобасының жетекшісі Леке Ангел.

  Оның айтуынша, қайта дайындау кадрлер бағдарламасы 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Алғашында жұмысымызды Ресейде бастағанбыз, қазір 14 елде серіктестіктеріміз бар. Қытай, Вьетнам, Үндістан, Моңғолия елдерімен жұмыс істеудеміз. Бағдарлама қатысушылары Германияда 4 апта бойы тәжірибелік тренингтерден өтеді», деді Леке Ангел.

    Жиын соңында «Туран-Профи» Халықаралық кәсіптік академиясы, қала әкімдігі, «Атамекен» одағы,  Орталық Азия  бойынша «In Went» жоба  бюросы, Халықаралық бизнес академиясы жанындағы аймақтық оқу орталығы  өзара әріптестік туралы мемарандумға қол қойды.

  Бағдарламаны 2007 жылдан бері Германияның Экономика және технология федералды министрлігі қаржыландырып келеді.

Соңғы жаңалықтар