Алматыда енді студенттер арнайы тариф бойынша спорттық клубтарда төмендетілген бағамен жаттыға алады

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы спорттық клубтар мен фитнес орталықтардың қожайындарымен арнайы меморандум жасау бастамасын көтеруде.
None
None

Оның мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, олардың спорт залдарына қолжетімділігін арттыру.

Басқарма төрағасы Санжар Боқаевтың айтуынша, Алматы - студенттер қаласы. Онда қазір еліміздегі әрбір үшінші студент білім алуда. Сондықтан олар жаңа меморандумда «студенттік тариф» ұғымын енгізіп отыр. Ол жастарға спорт залдарында келіп жаттығуларына 50 пайыздық жеңілдік бермек. Өйткені 10-15 мың төлеп жаттығу залына баруға кез келген студенттің жағдайы келе бермейді. Сондықтан олардың мүмкіндігін арттыру үшін жастар басқармасы спорт нысандарының қожайындарымен оның бағасын 5-7 мыңға дейін төмендетуді көздеуде.

Соңғы жаңалықтар