Алматыда есірткі айналымымен күресте бірлесіп қызмет ету және өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің 8-ші кездесуі өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматыда желтоқсанның 8-9-ы  күндері  Есірткілік заттарды өндіру мен есірткіні айналымға шығару, есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттарды және прекурсорларды пайдалануды бақылауда бірлесіп қызмет ету мен өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің 8-ші кездесуі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Аталмыш шара барысында Заңсыз есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттарды және прекурсорларды айналымға шығарумен күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық, ақпараттық үйлестіру орталығының таныстырылымы болады. Жиынға халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекеттердің ішкі істер органдарының, есірткіге қарсы күрес бөлімшелерінің басшылары мен ТМД-дағы Терроризмге қарсы күрес орталығы мен Қылмыспен күресті үйлестіру бюросы, Интерпол, Еуропол сияқты ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан тарапынан аталмыш шараға Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов пен министрліктің Есірткі бизнесімен күрес комитетінің басшылығы қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар