Алматыда эстетикалық медицина және пластикалық хирургияға арналған халықаралық конгресс өтеді

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең Алматыда эстетикалық медицина және пластикалық хирургия мамандарының 6-халықаралық конгресі басталады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар айтты.

Қазақстанның эстетикалық медицина және пластикалық хирургия қауымдастығының президенті Гүлнар Жұматованың айтуынша, конгреске әлемдік деңгейдегі хирургтар мен тері мамандары қатысады. Олардың қатарында Александр Туркевич, Де Фиоре Дарио, Ганс Фабиен Блашке сынды әлемге танымал мамандар бар. 4 күнге созылатын конгресс барысында осы саладағы проблемалар талқыланады. Сонымен қатар өзара тәжрибе алмасылып, шетелдік білікті хирургтардың таныстырылымдық операциялары, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

«Бұл саланың проблемалары көп. Мысалы қазіргі кезде арзандығы үшін көптеген қазақстандықтар Қытайға барып операция жасатады. Алайда ондағы кейбір оталар аурухана емес, қарапайым үйлерде жасалады. Бұның соңы асқынуға әкеп соғады. Не ақшасын қайтара алмай, не бет әлпетін қалпына келтіре алмай жататын тұтынушылар көп. Ал өз ішіміздегі проблема - кәсіби мамандардың аздығы. Соның салдарынан көптеген қазақстандықтар бағасы қымбат Европаға немесе арзан Қытайға жүгініп жатады. Сондықтан саладағы өзекті мәселелерді бірігіп шешу үшін әлемдік деңгейдегі мамандармен бірігіп конгресті өткізуді ұйғардық», - дейді ұйымдастырушылардың бірі белгілі пластикалық операция маманы Виктор Глоба.

150-ге жуық маман қатысатын конгресс сәуірдің 24 күні аяқталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум