Алматыда еуропалық ғалым-дәрігерлердің қатысуымен «Сүт бездерінің қатерлі ісігін анықтау, диагностикалау мен емдеу» шеберлік сыныптары өтуде

АЛМАТЫ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -  Бүгін Алматыда еуропалық ғалым-дәрігерлердің қатысуымен «Сүт бездерінің қатерлі ісігін анықтау, диагностикалау мен емдеу»  шеберлік сыныптары өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Біз жыл сайын сүт бездерінің қатерлі ісігі проблемалары бойынша шет елдердің ғалым-дәрігерлерімен бірге әр түрлі тәлімдік семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізіп тұрамыз. Өйткені, әлемде түрлі ағзалардың қатерлі ісігі бойынша 10 миллионнан аса жаңа жағдайлар тіркелген, оның 10 пайызы сүт бездерінің қатерлі ісігі (СБҚІ) болып отыр. Ал бұл аурудың елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам жаңа оқиғалары тіркелуде. Бұл мәселе әйелдер бойындағы қатерлі ісіктердің ішінде бірінші орында тұр. 2008 жылы көрсеткіш бойынша, елімізде 600 мыңнан астам тексеруден өткен әйелдердің 1066-нан сүт бездерінің қатерлі ісігі анықталды», дейді онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Жеткерген Арзықұлов. Оның айтуынша, бүгінгі семинарда  сүт бездерінің қатерлі ісігіне тиімді скрининг жасау, диагностикалау және емдеуді іске асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланатын болады.

         Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының Әлеуметтік Кеңесінің төрайымы Айткүл Самақованың сөзіне қарағанда, елімізде «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде 2008 жылдан бастап сүт бездерінің қатерлі ісігін ертерек анықтау мақсатында маммографиялық скрининг өткізу жолымен 50-60 жастағы әйелдер арасында алдын алу шаралары өткізіліп келеді.

         Алматыға шеберлік сыныптарын өткізу үшін Италия, Германия, Венгрия, Польша, Ұлыбритания елдерінен сүт бездерінің қатерлі ісігін емдейтін мамандар, ғалым-дәрігерлер келді.

         Семинар қараша айының 6-на дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар