Алматыда Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның ынтымақтастық моделі туралы халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан-неміс университеті биыл оны Қазақстандағы Германия жылы" аясында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен бірігіп ұйымдастырды. Иститут директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, бұл шараның принциптік маңызы бар. Өйткені Қазақстанның сыртқы саясатының екі негізгі векторы бар. Ол көпвекторлық пен еуразияшылдық. Сондықтан Орталық Азия елдерінің арасындағы ықпалдастықты қалыптастыру кезінде Еуропалық Одақ тәжірибесін ескеру керек. "Біз үшін Еуропамен ынтымақтастықты қалыптастырудың рөлі өте зор. Бұл конференцияда Еуропалық Одақтың эволюциялық ықпалдасу тәжірибесі қаралады. Өйткені Еуропа елдері өзара ықпалдасу кезінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан сабақ алмады. Еуропалық Одақ идеясының жүзеге асуына тек Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптары мәжбүр етті. Еуропалық Одақтың локомотиві болған Германия мен Франция оған дейін 500 жыл бойы бір-бірімен жауласып келген болатын", дейді саясаттанушы Болат Сұлтанов.