17:30, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыда «Эвелина» дәмханасында орын алған өрт 250 шаршы метрді құрады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Түркісіб ауданындағы Дөнентаев көшесі бойында орналасқан «Эвелина» дәмханасында өрт шықты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.
«Өрт туралы хабар «101» кезекші бөліміне бүгін күндізгі сағат 15:21-де келіп түсті. Артынша өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетті. Тілсіз жау 250 шаршы метрді құрады Өрт сағат 16:19-да толығымен сөндірілді. Бір адам құтқарылып, 5 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді», - деді С. Баймұханбетова.
Айта кетелік, тілсіз жауды жоюға жеке құрамнан 52 адам және 5 арнайы техника мен бір жай техника жұмылдырылған.