Алматыда «Expo-Russia Kazakhstan 2011» екінші Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік көрмесі өтеді

АТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 25-27 аралығында Алматыда «Expo-Russia Kazakhstan 2011» екінші Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Көрменің ұйымдастырушылары - «Зарубеж-Экспо» ААҚ, Әлем қорларының халықаралық қауымдастығы (ӘҚХҚ), қолдаушылар -РФ Сыртқы істер министрлігі, РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі, РФ Экономикалық даму министрлігі, РФ Білім және ғылым министрлігі, ҚР салалық министрліктері мен ведомстволары, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы, патронат- РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты мақсаты - 2011 жылғы 17 наурыздағы Д.Медведев пен Н.Назарбаевтың кездесуінде қабылданған, Ресей мен Қазақстанның 2011-2012 жылдарға арналған өзара іс-қимыл бағдарламасын іске асыру арнасында екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу және Ресей өнеркәсібінің заманауи жетістіктерін көрсету.

Көрмеге Ресей мен Қазақстанның 100-ден аса кәсіпорны қатысады. Ресей Федерациясының бірқатар субъектілерімен бірге Сауда-өнеркәсіп палаталары да ұжымдық стендтер қояды.

Көрме аясында «Ресей, Қазақстан, Орталық Азия елдері: экономикалық ынтымақтастықтың болашағы» атты конференция, саясаткерлер мен бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен іскерлік кездесулер өтеді. Іс-шараларда Ресей аймақтары деңгейінде Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытудың болашағы, ЖЭК инновациялық жобаларын алға жылжыту мүмкіндіктері, бірлескен жаңа кәсіпорындар құру, көмірсутек шикізатын барлау, өңдеу, шығару және тасымалдау саласында бірлесіп жұмыс істеу және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тағы басқа маңызды түрлері, шағын және орта бизнес саласындағы ынтымақтастық қарастырылады.

ҚазАқпарат анықтамасы: Қазақстан Ресейдің негізгі сауда әріптестері ондығына кіреді, оның ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымындағы үлесі 20 пайыздан асады. Ресейдің Орта Азия елдерімен айналымында Қазақстан бірінші орында, ал соңғы бес жылда үш есе көтеріліп, өзара тауар айналымы 12,8 млрд. АҚШ долларына жетті.

Соңғы жаңалықтар