Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерге айыппұл салынды
"Біріншіден, олар жолдағы өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Екіншіден, қаланың басты көшелерінде жол қозғалысын қиындатты. Бейнероликтегі құқық бұзушылыққа бей-жай қарай алмадық. Бірнеше сағат ішінде жүргізушілердің кім екендігі анықталды. Екеуі де бөлімшеде өздерінің əрекетіне түсініктеме беріп жатыр. Əкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 бап: апатты жағдай тудыру мен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік тізгіндегені үшін айыпталады. Бұл əрекеті үшін олар 15 АЕК көлемде айыппұл төлеуі тиіс», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық ІІД әл-Фараби даңғылында «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерді іздестіріп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Әл-фараби бойындағы автобәйге видеосы @ztb_kz в Инстаграм аккаунтында жарияланды. Постқа өз жазбаларын қалдырған көпшілік жүргізушілердің бұл әрекетіне наразылығын білдірген.