Алматыда Француз альянсында «Кітап оқу мерекесі» атап өтілді (ФОТО)
Мерекелік шаранының шымылдығын өзінің алғы сөзімен Францияның Алматыдағы Бас Консулы Патрик Ренар ашты.
«Кітап оқу мерекесі» - бұл біз үшін өте маңызды шара. Мұнда басты мақсат - француз әдебиетін насихаттау. Бұл бағыта Француз Альянсы консулдықпен бірлесе отырып, көп жұмыстар атқарып келеді. Мысалы, Алматыда жыл сайын көктем мезгілінде Франция күні және джаз фестивалі өтіп тұрады. Ал кітап оқу мерекесінің өткізіліп жатқанына бес жылдан асты. Бұл күні барлық ниет білдірушілер бұл игі шараға қатыса алады» - деді П. Ренар.
Айта кетелік, бүгінгі мереке Ашық есік күндері үлгісінде өтті. Қонақтар әр түрлі тақырыптық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олардың ішінде балаларға арналған анимация, француз тіліне қатысты тест, француздық комикстер бөлмесі, проза, француз романдарын экрандау, сахнада тұрып мәнерлеп оқу шеберлігі, француз поэзиясы үйірмелерін және арнайы көрмені айтуға болады.
Шара соңында ұйымдастырушылар тестің қорытындысын шығарып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етті.
Сонымен қатар, Ашық есік күндері аясында келушілер арасында француз тіліндегі әдебиеттерді өзара алмасу шарасын ұйымдастырды. Мұнда кез келген адам өз кітабын өткізіп, орнына басқа кітап ала алады.