Алматыда Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 80 жылдық мерейтойы тойланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда М.Әуезов атындағы академиялық мемлекеттік драма театрда Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтіп жатыр.
None
None

Мерейтой иесіне қала әкімінің орынбасары Арман Қырықпаев Алматы әкімі Бауыржан Байбектің құттықтау сөзін жеткізді.

«Құрметті қазақ өнерін әспеттер қауым. Біз жастарымыздың көбі кітап оқымайды деп жиі айтамыз. Кітап оқымайтын жастардан «қазақ әдебиетінің өкілдері кім?» деп сұраса, жоқ дегенде 10 адамның атын атайды. Солардың бірі Қабдеш ағамыз. Қазіргі жаһандану заманында бұл үлкен көрсеткіш. Ағамыз осыған өзінің үлкен еңбегімен, сезімталдығымен жетті. Әкім Тарази айтқандай, Қабдеш екі жүйенің де тегеурінін сезген, соның арқасында әдеби дарынын шыңдаған адам», - деді қала әкімінің орынбасары жазушының иығына шапан жаба отырып.

Мерейтойлық кешке жазушының достары, қаламдастары, мәдениет саласының өкілдері, жастар жиналды.

«Кім білмейді Қабдешті?

Басынан талай хәл кешті

Соңғы көшті жазды да

Бастап кетті бар көшті.

Нар көтермес жүк бар ма?

том көтеріп шықты алға

Жазғанымен де, түрімен де ұқсайды

Мұхтарға!

Қабдештің ерекшелігі - ең алдымен ол қаламгерлігін ақындықтан бастаған. «Жас өрен» деген өлеңдері шыққан. Көргені өлеңге симайтынын біліп, прозаға ауысқан. Өлеңнен бастаған соң шығармаларында көркемдік тұнып тұр. Прозасының өзі поэзия сияқты. Тума талант», - деді қаламдасын құттықтауға келген белгілі ақын Оразақын Асқар.

Кеште Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.

Сондай-ақ, Майра Ілиясова, Мәдина Сәдуақасова, «Сазген сазы» ансамблінің орындауында мерекелік концерт берілді.

Соңғы жаңалықтар