Алматыда халықаралық конференцияда орнитологияның өзекті мәселелері мен болашағы талқыланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 18-24 тамыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Солтүстік Еуразияның XIV халықаралық орнитологиялық конференциясы өтеді. Онда іргелі және тәжірибелік орнитологияның өзекті мәселелері және болашағы талқыланады. Бұл туралы «Ветер странствий» журналының редакторы Наталья Боровая айтты.
None
None

Жиынға есімдері әлемге әйгілі орнитолог ғалымдар қатысады. Кездесудің басты мақсаты - ғалымдарды Солтүстік Еуразия аймағына қатысты хайуанаттар әлемі бойынша мәліметтерді жинақтап, кітап етіп шығаруға жұмылдыру, орнитология ғылымын және оның кәсіптік, медициналық, авиациялық орнитология және орнитологиялық туризм секілді бағыттарын дамыту.

«Бұл ғылыми форумның құндылығы сол, ол құстар әлеміне қатысты отандық ғылымның дамуына, орнитологиялық туризмнің дамуына серпін береді», - дейді мамандар. Айта кетелік, шараны ұйымдастырушылар - Мензибр орнитологиялық қоғамы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Зоология институты, Қазақстанның құстарды қорғау одағы, Қазақстан аңшыларының «Қансонар» республикалық қауымдастығы, Алматы қаласының әкімдігі, Ресей ғылым академиясы А.Северцов атындағы экология және эволюция мәселелері институты және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің зоологиялық ғылыми-зерттеу музейі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум