Алматыда Халықаралық сән көрмесі өтеді

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 14-16 наурыз күндері аралығында Central Asia Fashion Халықаралық сән көрмесі өтеді.
None
None

Орталық Азиядағы мамандандырылған ең ірі көрме «Атакент» орталығында өтеді.

Үш күн бойы семинарлар, тұсаукесерлер мен киім үлгілерінің көрсетілімдері өтпек. Қатысушылардың арасында Италия, Испания, Германия, Франция, Ресей, Украина, Беларусь және Польша елдерінің өкілдері бар.

Сән көрмесінде өздерінің жұмыстарын 16 ел және 150-ден астам компания ұсынады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар