Алматыда халықаралық «Жібек жолы бойындағы сұхбат» мәдени жобасы аясында «Орталықазиялық тарихи-мәдени өзара сәйкестілік» атты семинар өтеді

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 2012 жылғы 24-25 қараша аралығында Алматы қаласының «Алатау» санаторийінде, халықаралық «Жібек жолы бойындағы сұхбат»  атты тұрақты мәдени жоба аясында «Ортаазиялық тарихи-мәдени өзара сәйкестілік» тақырыбында семинар өтеді.
None
None

Семинарды белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов жүргізеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараның мақсаты - тарихи және мәдени үрдістердің сәйкестілігі негізіндегі этномәдени қарым-қатынастың үйлесімдігін арттыруға ықпал ету. Семинарда Орталық Азия аймағы халықтарының тарихи және мәдени қарым-қатынасы мәселелері талқыланады.

Шараға Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі  Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Президент Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі Ералы  Тоғжанов, Қазақстанның шығармашылық және ғылыми зиялы қауымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей елдерінен белгілі қоғам  қайраткерлері, ғалымдар қатысады.

Семинар барысында Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасын ортақ тарихи-мәдени негіз ретінде дамытуға арналған ұсынымдар әзірленеді.

  

Соңғы жаңалықтар