18:20, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Алматыда Халықаралық "Жібек жолы" театр фестивалі басталды
АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Қазақстан және Оңтүстік Корея елдері арасында мәдени алмасу шеңберінде Халықаралық "Жібек жолы" театр фестивалі басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фестивалге Оңтүстік Корея елінің театр әртістері келді. Алдыңғы жылдары Қазақстанның 4 театры Сеул қаласында өнер көрсетсе, енді корейлік театрлар өз сахна өнерін қазақстандық көрермендерге ұсынатын болады. Жұртшылық назарына Кореяның «Сан», «Мулкел» және «Чоин» көркем театрларының қойылымдары ұсынылмақ.
Шараның мақсаты - екі ел арасындағы достықты нығайту, мәдени ынтымақтастық орнату.
Фестиваль сонымен қатар, Корея Республикасындағы Қазақстан жылы және 2011 жылы - Қазақстандағы Корея жылы аясында өтуде.
Театр фестивалі тамыздың 17-не дейін созылады.