Алматыда «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу шарттары мен тәртібін түсіндіру жөнінде жиын өтті

АЛМАТЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен жылы алғашқы акциялар сатылымға шығарылып, нәтижесінде 56 млрд. теңге жиналғаны белгілі.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу шарттары мен тәртібін түсіндіру жөніндегі жиында шаһардың Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Рабандияр Маймақов мәлімдеді.

«Жобаның негізгі мақсаты тұрғындарға еліміздің ірі компаниялары акцияларының иесі болу мүмкіндігін туғызу болып табылады. Экономиканың жетекші салаларындағы ойыншылардың акцияларын иелене отырып, Қазақстан азаматтары ұзақ мерзімді перспективада дивиденд және акция құнының өсуі арқылы табыс ала алады. Тұрғындарға бұл инвестициялауға және өз жинақ ақшаларын көбейтіп отыруға, ал компанияларға, өз кезегінде, тартылған қаражаттар есебінен өзінің әрі қарай дамуын қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің бас сарапшысы Алияр Балиев. Ол бағдарламаны іске асыруда мемлекеттің маңызды міндеті тұрғындарды қор нарығына барынша көп тарту жолымен құнды қағаздар нарығын дамыту болып табылатындығын айтты.

«Сондай-ақ бағдарламаны іске асыру барысында ел тұрғындарының қаржылық инвестициялық сауаттылығын көтеру жөніндегі мәселелер шешілетін болады. Осылайша, бағдарламаны іске қоса отырып, мемлекет бірқатар мәселелерді шешеді», - деп баса айтты А.Балиев.

Соңғы жаңалықтар