Алматыда ХОК сессиясының тікелей трансляциясын көрсетеді, онда Олимпиада-2022 өтетін қала белгілі болмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жұртшылығы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қай қалада өтетіндігін алғашқылардың бірі болып білетін болады.
None
None

Осы Олимпиада ойындарын өткізуге - бүгінде Алматы мен Бейжің қалалары үміткер болып отыр.

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 31 шілдесінде сағат 15.00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті сессиясы тікелей эфирде көрсетілмек. Сессия барысында жасырын дауыс беру арқылы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталатын болады.

Бұл акцияны ұйымдастырушылар алматылықтарды сүйікті қаласына қолдау көрсету мақсатында тікелей трансляцияға қатысуға шақырады.

Айта кетелік, ХОК сессиясы Малайзияның астанасы - Куала-Лумпур қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар