Алматыда Илья Ильин, Ермахан Ыбрайымов, Владимир Смирнов бастаған чемпиондар шеберлік сабағын өткізді - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының фитнес орталықтарының бірінде Олимпиада чемпиондары шеберлік сабағын өткізді, деп жазады sports.kz.
None
None

Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Мая Манеза, Ольга Шишигина, Ермахан Ыбрайымов, Владимир Смирнов, т.б. спортшылар қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Біздің кезімізде спортпен айналысуға дәл қазіргідей жағдай жасалмады. Қазір қазақстандықтар жаңа технологияларды пайдалана отырып спорттың әр түрімен айналыса алады. Мемлекет те спортты барынша қолдауда. Ең бастысы, ынта мен мінез керек, сонда ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады», - деді қазақстандық шаңғышы, олимпиада чемпионы Владимир Смирнов.

Соңғы жаңалықтар