Алматыда информатика бойынша халықаралық олимпиаданың бірінші туры жайлы хабарлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Информатика бойынша халықаралық мектеп оқушыларының XXVII олимпиадасының (ІОІ - 2015) ғылыми-техникалық комитетінің басшысы Александр Кленин жарыстың бірінші кезеңінің өту барысын хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, биыл өткен жылға қарағанда, тапсырма аса күрделі болған жоқ. Олимпиада қағидасы бойынша үш бағдарламалау тіліне рұқсат беріледі: Паскаль, си++ және Java.

«Тапсырма күрделілігі жағынан өткен жылғыдан аса айырмашылық жоқ. Кейбір тапсырмалар күрделі болса, кейбірі жеңіл болды. Кей тапсырмаларда қосымша минутты талап ететін техникалық күрделіліктер кездесті, сондықтан да кейбіріне уақыт жетпей қалды», - деді А. Кленин.

Бірінші тур нәтижесі бойынша 300-ден 300 балл жинап ресейлік, қытайлық командалар топ бастауда.

А. Кленин соңғы 20 жылда информатика деңгейінің өскені байқалатынын атап өтті. «Информатика, бағдарламалау - жас ғылым. Кез келген тәртіп секірмелі түрде өседі, сосын қанығады да, кейін өсім бәсеңдейді. Осындай олимпиадалардың көмегімен информатиканы насихаттағымыз келеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар