Алматыда информатикадан халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

Екі күнге жалғасқан дүбірлі білім додасында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар марапатталды. Барлығы 27 алтын, 55 күміс, 79 қола медаль таратылды.
Айта кетейік, шілденің 26 мен тамыздың 1 аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында информатикадан халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің 83 елінен 630 делегат келді.
Отандық құраманың еншісінде 4 медаль бар екендігін атап өту керек. Бекжан Бекболатұлы мен Мейрамбек Өмірзақ, Найзабек Алтыбай (415 және 414, 402 балл) күміс медальді еншілесе, Данияр Маминов 323 баллмен қола медальге қол жеткізді.
Сайыстың абсолютті чемпионы Оңтүстік Кореядан келген Джи Хак Юн екенін айта кету керек. Одан кейін ресейлік Михаил Ипатов - 561 балл, АҚШ-тан келген Эндрю Хе 555 баллмен үшінші орынға тұрақтады.
Келесі білім додасы Ресейдің Қазан қаласында өтеді.