Алматыда исламдық қаржыландыруды дамыту туралы форум-семинар өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ы ұйымдастырды. Мақсат - бизнес, қаржы және сақтандыру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін исламдық қаржыландырудың ерекшеліктерімен таныстыру. "Онда қатысушыларға жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері мен ынтымақтастық түрлері, исламдық бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастыру және исламдық сақтандыру туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Форум-семинардың спикерлері еліміздің исламдық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылары мен тұңғыш коммерциялық исламдық банк "Әл-Хилял банктің" өкілі болды. Олар қатысушыларға таныстырымдар жасап қоймай, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, еліміздегі исламдық қаржыландырудың қазірігі жай-күйіне қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды", дейді "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның Исламдық құралдарды дамыту басқармасының бастығы Айбек Бекжанов.