Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз аман-есен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы Александра Щербакова аман-есен табылды. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Биыл 19 қазан күні із-түзсіз жоғалып кеткен Александра Щербакова табылды. 14 жастағы қызды кеше кешке Жетісу ауданы ІІБ қылмыстық және ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері тапты. Оқушы қыз Алматы облысы Іле ауданындағы құрбысының үйінде болған. Кәмелет жасқа толмаған қыз ата-анасына қайтарылды», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Соңғы жаңалықтар