Алматыда «Какаду» кабаре дәмханасы өртенді

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда «Какаду» кабаре дәмханасы өртенді. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға қаңтардың 5-нен 6-на қараған түнде Алмалы ауданында, Құрманғазы мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы бірқабатты «Какаду» кабаре дәмханасында орын алған.

Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнынан 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 25 маманы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар