18:15, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Алматыда қала әкімдігімен бірлесіп туризмді дамыту жүйесінің жоспарын жасаймыз - Әсет Исекешев
АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат – Туризмнің дамуы үшін инвесторларға жағдай жасауды шешу қажет.

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бүгін Алматыда индустрияландыру картасындағы жаңа жобалармен танысу кезінде айтты.
«Шымбұлақ тау шаңғысы курортын дамыту Президенттің тапсырмасы. Қала әкімдігі оның құрылысымен айналысады. Әкіммен келістік, министрлік туризмді дамыту жүйесінің жоспарын жасайды. Бізге инвесторларға жағдай жасауды шешу керек», - деді Ә. Исекешев. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта Шымбұлақ тау шаңғысы курортына өзге елдерден келетін клиенттер үшін жаңа әуе желілері ашылады. Жалпы Алматыны халықарарлық курортты қалаға айналдыру инвестицияны қажет етеді. Онда экология мәселесіне айрықша көңіл бөлінбек.