Алматыда Қалақұрылысы форумы ашылды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Қазақстан-2013» деп аталатын XI Қалақұрылысы форумы өз жұмысын бастады. Оны қала басшысы Ахметжан Есімов ашты. Өз сөзінде әкім экономикалық көрсеткіштер бойынша Алматы Орта Азия өңірінің жетекші қаласы болып табылатындығын атап өтті. Сондықтан қала экономикасы тұрақты дамуды талап етеді.
None
None

Бұл туралы қала басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Әкім Алматыда экологияны жақсартуға да ерекше көңіл бөлінетіндігін жеткізді. Осыған орай қалада скверлер, парктер көбейіп, құрылыс барысында жасыл технологияға үлкен мән беріледі.

«Биыл біз Алматыда 26 скверді ректе келтірдік. Бізде 2005-2006 жылдары сатып алынған жерлер бар. Енді біз сәулетшілермен біріге отырып, осы аумақтарды абаттандыруды қолға алатын боламыз», - деді А. Есімов.

Қала басшысы мегаполисте мәдени, сауда, қаржы құрылымдарының нысандары салынуы тиіс деді. Олар негізінен 5-6 қабатты болғаны жөн, биік қабатты үйлер ауа тасқынына кері әсер етеді.

Әкім осыдан 5 жыл бұрын құрылған Алатау ауданының динамикалық түрде дамып келе жатқандығын айтты. Мұнда болашақта Индустриалды аймақ пайда болады. Қала басшысы сәулетшілер мен дизайнерлердің аталған аймақты салуға атсалысатынын айтты.

Сөзінің соңында қала әкімі сәулетшілерден ұтымды ұсыныс күтетіндігін, құрылыс саласын жетілдіруге күш салатындықтарын, сапалы құрылыс нысандарының сап түзейтіндігіне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар