Алматыда қалалық мәслихаттың ХХVI сессиясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Бүгін Алматыда 4-ші шақырылған қалалық мәслихаттың XXVI сессиясы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сессия төрағасы Ахметжан Шардиновтың айтуынша, оған мәслихаттағы 37 депутаттың 30-ы жиналды. Сондай-ақ қала әкімі, оның орынбасарлары және басқарма бастықтары қатысты. Онда қала әкімі мен аудан басшыларының 2009 жылдың қорытындысы және 2010 жылғы жоспарлары туралы есептері тыңдалуда. Сессия бағдарламасында одан кейін Қала құрылысы кеңесінің құрамын бекітіліп, мәслихаттың және ондағы тұрақты депутаттық комиссиялардың 2009 жылғы жұмыстарының есебі тыңдалады. Сондай-ақ 17-ші сессияның Алматы қаласында қоршаған ортаның ластануын төмендетудің 2009-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы туралы 2009 жылғы сәуірдің 24-дегі және 2008-2015 жылдарға арналған автоқұралдарға қызмет көрсету нысандары өндірісінің қалдықтарына қатысты 2008 жылғы сәуірдің 9-дағы 9-шы cессиясы шешімдерінің орындалу барысы туралы Табиғат ресурстары мен табиғатты пайдаланушыларды реттеу басқармасының бастығы Сұлтанбек Мәкежанов баяндама жасамақ.

Басқосу соңында XXVII сессияның төрағасын сайлау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар