Алматыда қайырымдылық марафонына қала әкімімен бірге 5 мыңға жуық адам қатысады

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 28 сәуірі күні (таңертеңгі сағат 8-де) Алматыда ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында «Бірінші болу батылдық» атты қайырымдылық марафоны өтеді.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілді.

Аталған спорттық шараға шамамен 5 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Жүгіру марафонына жасы 10-ға толған Алматының барлық тұрғыны қатыса алады. Оның бағыты: Әл- Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы (ШАЖ), Абай даңғылы. Алматының жол полициясы басқармасы марафон өтетін бағыттармен жол қозғалысы шектелетінін мәлім етті.

Марафонға қатысуға ниет білдергендер www.almaty-marathon.kz сайтында онлайн түрде тіркеле алады. Бүгінде жүгіруден жарысқа қала әкімі Ахметжан Есімов пен бірқатар танымал тұлғалар қатысатыны белгілі.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен қатар Нидерланды, Амстердам қалаларында өтетін халықаралық марафонға бару мүмкіндігіне ие болады.

Марафонға қатысушылардың жарналары спортта-дарынды әлеуметтік аз қамтылған балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдауға бағытталатын болады.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «WorldClassAlmaty» фитнес клубы.

Соңғы жаңалықтар