Алматыда Қазақ-күрд достық қоғамдық бірлестігі екі жылдығын атап өтті

АЛМАТЫ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «HEVI» (Үміт) Қазақ-күрд достық қоғамдық бірлестігінің екі жылдығына орай мерекелік концерт болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің ұйымның мақсаты - қазақ және күрд халықтарының мәдениет арқылы жақындасуын арттыру болып табылады. Бұл - халықтар арасында достастық орнатудың ең жақсы көпірі деп білеміз. Біздің этностың өкілдері көп ұлтты Қазақстанда өздерін толыққанды мүшесі ретінде сезінеді. Бұған дейін әр түрлі себептермен елден кетіп қалған күрдтер, осында қайтадан қайтып келуде. Бұл жағдай көп нәрсені білдіреді. Біз Қазақстанның азаматы болғанымызды мақтан тұтамыз", деді «HEVI» (Үміт) Қазақ-күрд достық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхамад Ахмад Барази.

Оның айтуынша, барлық этностың теңдігіне ҚР Конституциясы кепіл болуда. "Биыл 15 жыл толатын еліміздің негізгі заңы ТМД елдері ішіндегі ең прогрессивті құжат болып табылады", деп атап өтті ол.

Мұхамад Барази сонымен қатар, бүгінгі күні күрд өкілдері мемлекеттің әр түрлі саласында қызмет етіп жатқандығын атап өтті. "Біздің диаспора өкілдерінің көпшілігі қазақ тілін еркін меңгерген. Әсіресе, үлкен буын. Біз жастардың әрқайсысы қазақ тілін білуі керек деп санаймыз. Ол жайында біз отбасында, барлық шараларда айтып отырамыз. Біздің балаларымыздың көпшілігі қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшаларға барады. Қазақ тілінің дамуында еліміздің болашағы жатыр", деді ол.

Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда 43 000-нан аса күрдтар өмір сүруде.

Соңғы жаңалықтар