Алматыда «Қазақстан аруы- 2010» атты ұлттық байқауы басталды
Жоба аясындағы аймақтық сұлулық байқауы сәуірдің 20-нан, Павлодар қаласында басталып кеткен. «Павлодар Аруы - 2010» байқауының жүлдегері 18 жастағы Карина Дюсембаева атанып, «Қазақстан аруы- 2010» байқауына қатысуға жолдама алды. Сондай-ақ, вице-ару атанған 23 жастағы, Шынар Шерниязова есімді сұлу да қатысу құқығына ие болды. Екеуі Алматы қаласында қыркүйек айының 19-ы күні Республика алаңында өтетін «Қазақстан аруы- 2010» байқауының финалына қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша байқауға 17 мен 25 жас аралығындағы ҚР азаматтығы бар барлық ұлттағы қыздар қатыса алады. Тек, алдын ала тіркеу мен арнайы кастингтен өтуі қажет.
«Қазақстан аруы- 2010» ұлттық сұлулық байқауы 1997 жылы негізін қалады. Байқау жетекші әлемдік байқау елдері аумағында жалғыз эксклюзивті лицензияның иегері саналады. Қазақстаннның барлық аймақтарында ұлттық байқаудың өкілдіктері ашылған, соның көмегімен әр облыс өз аруын таңдайды, одан кейін ол жүлдегер еліміздің бірінші сұлуы атана алады.
Байқау жастар бойындағы эстетикалық тәрбиені дамытуға және насихаттау мақсатында өткізілуде. Жоба ҚР Мәдениет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.