Алматыда «Қазақстан» атты үш тілде жарық көрген альбом халық назарына ұсынылды

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін VI халықаралық «Ұлы жібек жолы» атты кітап көрмесі барысында үш тілде- қазақ, орыс және ағылшыл тілдерінде жарық көрген «Қазақстан» атты түрлі-түсті безендірілген энциклопедиялық басылымының тұсаукесері өтті.
None
None

Кітап Республикалық сараптама жүйесі және болжамдау орталығында жиналған материалдар бойынша басылған. Идеясы «Алматыкiтап» баспасына тиесілі. 10 мың данамен шыққан басылымды Валерий Жандаулетов пен Игорь Романов сынды елімізге танымал қайраткерлер қолдаған.

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының директоры София Раеваның айтуынша, кітап еліміздің жаңа белестерді бағындыру жолындағы қарышты қадамдары жайындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен ашылады. "Басылымның әр бөлімі мен әр тақырыбы өзіне лайықты орнын алуда. Бәрінен бұрын, бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне шолу мен ел болашағының даму бағыттары, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтеріне арналған бөлімдер және Қазақстанның жүріп өткен жолынан сыр шертетін сирек фотосуреттер қамтылған", - дейді С.Раева.

Сондай-ақ оқырман кітапты оқу барысында ішкі саясат, экономикалық даму, көлік және басқа да өндіріс саласы бойынша жекелеген бөлімдерден мағлұмат ала алады. Басылымда тәуелсіздік жылдарында құрылған ірі өндіріс орындардың барлығы қамтылған.

Соңғы жаңалықтар